Рамазан қарсаңында 45 шәкіртке сертификат табысталды (ФОТО)

01 сәуір 2022 3391 0
Оқу режимі

Рамазан айының қарсаңында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітіндегі Діни сауат ашу курсы бағдарламасын тәмамдаған 45 әйел шәкіртке бүгін сертификат табыстау рәсімі өтті. Қасиетті жұма күніне орай өткізілген шара аясында шәкірттерге арнайы сертификат беріліп, Құран кітабы тарту етілді. Топ жетекшісі ұстаз Зарина Шамидуллақызының бастамасымен шәкірттерге естелік тәж кигізілді.

Аталмыш шараға ҚМДБ Әйел-қыздар секторының меңгерушісі Динара Құтқожақызы арнайы қатысып, шәкірттерге ақ тілегін білдірді. «Бүгінгі ырым етіп таққан тәжіміз қияметте Құран жаттаған қариларға берілер тартуға ұлассын! Осы жолда ерекше ықылас пен ынта, күш-жігер тілеймін», – деді ол.

Айта кетейік, діни сауат ашу курсы бағдарламасын тәмамдап, Құранға түскен 60-тан астам әйел шәкірттерге ақпан айында да сертификат табысталған болатын. Елімізде орын алған карантиндік шектеулерге байланысты кештеу ашылған Зарина ұстаздың бұл тобы ондай сертификатқа бүгін қол жеткізіп отыр.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру