Әйелдер арасында Құран жарысы өтті (ФОТО)

28 қаңтар 2021 5386 0
Оқу режимі

Елордамыздағы «Ырыскелді қажы» мешітінде ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі Әйел-Қыздар секторының ұйымдастырумен әйел-қыздар арасында Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу жарысы өтті.

Сайыс үш бөлім бойынша жүргізілді. Атап айтсақ: Құранның 30-шы парасы, «Дұха» және «Нас» сүрелерінің аралығы және мәнерлеп оқу.

Жеңімпаздарға арнайы ақшалай сыйлықтар мен сертификаттар және де қасиетті  Құран  Кәрім кітабы сыйға берілді.

Нұр-Сұлтан қаласының өкіл имамы Ерболат Жүсіпов қатысушыларға өз ризашылығын білдіріп Алланың қасиеті кітабы Құран Кәрімді жаттаудың сауабы мен маңыздылығы жайында жамағатқа уағыз айтып, жеңімпаздарды марапаттады.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру