«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНДЕ КӨНЕ ТҮРКІ КІТАПТАРЫНЫҢ КӨРМЕСІ ӨТТІ (ФОТО)

31 мамыр 2024 448 0
Оқу режимі

Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітінде түркі тілінде жазылған көне кітаптардың көрмесі өтті.  

Шараға ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі, қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы мұрындық болып отыр.

Көне түркі кітаптары құлшылық үйіне көшпелі көрме үшін арнайы әкелінді. Құлшылық ордасына келген қала қонақтары мен жамағатқа ескі еңбектердің қысқаша мазмұны таныстырылып, олардың құндылығы сөз етілді.

Суреттерді толығырақ «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

 

Пікірлер Кіру