«ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ЖАҢА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҚАБЫЛДАНДЫ (ФОТО)

21 қазан 2022 2545 0
Оқу режимі

Бүгін, қасиетті жұмада Астана қаласындағы «Әзірет Сұлтан» мешітіне жаңа қызметкерлер қабылданды. Мешіт бас имамы Ерболат Жүсіпов жұма намазына жиылған жамағат алдында Бас мүфти бұйрығын оқып беріп, жаңа қызметкерлерді таныстырды.

Астана қаласының бас имамы Ерболат Нұрылдаұлы кадрлық ауыс-түйістер турасында түсіндіріп, жамағатқа «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы қызметіне Исмаилов Олжас пен Салимбеков Омардың тағайындалғанына жеткізді.

Сондай-ақ, Қайнар Базархан мен Рахымжан Талғатұлының «Әзірет Сұлтан» мешітінің азаншысы қызметіне тағайындалғанын атап өтті. Қызметке кірісіп кеткеніне біршама болған мешіт ұстазы Шалқар Жолдыны да жамағатқа арнайы таныстырып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Суреттерді «ФОТОГАЛЕРЕЯ» айдарынан көре аласыздар!

Дереккөз: Muslim.kz

Пікірлер Кіру