Дәрет алу
Дәрет алу
Дәрет – Ислам дінінде кей ғибадаттарды орындау үшін арнайыжасалатын тазалық түрі. Дәрет үшін ғұсыл болуы керек. Ғұсылсыз дәрет жарамсыз.
Дәреттің парыздары:
Дәреттің сүннеттері:
- Ниет
- Қолды білекке дейін жуу
- Саусақтар арасын ысқылау
- Сақина болса астына су кіргізу
- «Әъузу» және «бисмилләмен» бастау
- Ауызды шаю
- Мұрынды шаю/сіңбіру
- Мисуак қолдану
- Реттілік
- Әр мүшені бірінші оң жақтан бастау
- Үш реттен жуу
- Сақал болса, салалау
- Басқа толық масих тарту
- Дәретті бір уақытта алу, яғни бір мүше құрғамастан екінші мүшені жуып бастау
Дәреттің мәкрүһтері:
- Суды ысырап ету
- Суды шашыратып жуу
- Орынсыз сөйлеу
- Дәретті таза емес жерде алу
- Дәрет үшін жәрдем сұрау
- Ораза кезінде ауыз бен мұрынға суды қатты алмау
Дәрет алу мына нәрселер үшін міндетті болып табылады:
- Намаз оқу үшін
- Тауап жасау үшін
- Сыртында қабығы жоқ Құранды ұстау үшін
Дәретті болу мына нәрселер үшін ұнамды:
- Ұйқыдан тұрғанда
- Дәрет бұзылғанда
- Ғұсыл алдында
- Құран, хадис және діни кітаптарды оқу үшін
- Жатар алдында
- Жағымсыз іс пен сөздің артында
Дәретті бұзатын нәрселер:
- Ғұсыл бұзылса дәрет те бұзылады
- Үлкен дәрет
- Кіші дәрет
- Желдің шығуы
- Әйелдің әдеттен тыс үзір қанының келуі
- Жайылып қан ағу (егер шыққан жерінде қатып қалса дәретті бұзбайды)
- Ауыздан немесе мұрыннан таза қанның келуі (аздап аққан сілекеймен аралас қан дәретті бұзбайды)
Үлкен-кіші асты дәрет алу
Истинжа – үлкен және кіші дәреттен соң ластықтың орнын тазалау.
Тазалануға жарамды нәрселер:
- Әжетхана қағазы
- Кішігірім тас
- Су
Тазалануға жарамсыз нәрселер:
- Жануарлардың сүйегі
- Шиша
- Көмір
- Қасиетті сөздер жазылған қағаздар
- Қымбат заттар (алтын, күміс, жібек т.б.)
Бөлінуі мүмкін нәрселер мен олардан тазару жолы:
- Үлкен дәрет. Тазалығы: истинжа жасау, артынан дәрет алу
- Кіші дәрет. Тазалығы: истинжа жасау, артынан дәрет алу
- Шахуаттың (сперманың) бөлінуі. Тазалығы: толық ғұсыл құйыну
- Мәзидің (жыныстық қатынасты ойлағанда бөлінетін ақ сұйықтық) бөлінуі. Тазалығы: истинжа жасау, артынан дәрет алу
- Уәдидің (кіші дәреттен соң бөлінетін қою сұйықтық) шығуы. Тазалығы: истинжа жасау, артынан дәрет алу
- Нифастың (бала туғаннан кейін келетін қан) келуі. Тазалығы: толық ғұсыл құйыну
- Хайыздың (ай сайын келетін етеккір) келуі. Тазалығы: толық ғұсыл құйыну
- Истихаданың (әйелдің әдеттен тыс келетін қаны) келуі. Тазалығы: истинжа жасау, артынан дәрет алу