Үйлену мен ажырасу – ең үлкен иллюзия
«Тұрмыс құрамын, сонда бәрі түзеледі» деп ойлайды жас қыздар. «Шіркін-ай! ажырасып кеткенде барлық мәселелер шешіледі" деп ойлайды отбасылы әйелдер. Бірақ, шын мәнінде, адам өзін өзі іштей түземейінше, үйлену де, ажырасу да көмектеспейді.  Есіңізде болсын, кез-келген қиындықты жеңудің жолдары бар. Тек талпыныс пен сабыр керек. Қандай қиын жағдай болса да, ОТБАСЫН САҚТАП ҚАЛУ – әрқашан дұрыс шешім. Ол үшін не істеу керек?  * Отбасында болып жатқан жағдайға сырт көзбен...
date09.12.2017readCount96readmoreТолығырақ
Мұнафық адамның 3 белгісі
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) заманында тілмен иман келтіргенімен, жүрегінде шынайы иман келтірмеген бір топ екіжүзді адамдар болған. Пайғамбарымыз олардың бірқатарының түрін түстеп, есіміне дейін білген. Мұнафықтарға (екіжүзді) қатысты бұл құпияны Хузайфәтул Ямани (р.а) есімді сахабадан өзге ешкім білмеген. Бірде мүминдердің әміршісі, халифа Хаттабтың ұлы Омар (р.а.) Хузайфәтул Яманиден (р.а.)сол екіжүзділердің есімдерін атауын өтінеді. Сонда сертіне берік сахаба: «Мен Алла Елшісінің...
date09.12.2017readCount157readmoreТолығырақ
Жұбайлар жақындасар сәтте ұмытпауға тиісті маңызды нәрсе
Жақындасудың сүннетте бекітілген бірнеше әдебі бар. Бұлардың кейбірін айта кетуге болады[1]. Алдымен ерлі-зайыптылардың «бисмилла» деп айтуы  – мұстахап. Сондай-ақ, «Ықылас» сүресін оқып тәкбір, тахлил (ләә иләһә иллаллаһ) айтады. Сосын былай дейді: «Бисмиллаһил-алиил-азим. Аллаһуммәжалһә зурриятән тайибәтән. Ин кунтә қаддартә ән тухрижә зәликә мин сулбии. Аллаһуммә жәннибниш-шайтанә уә жәннибниш- шайтанә мәә разақтәни». Мағынасы: «Ұлы да асқақ Аллаһтың...
date04.12.2017readCount742readmoreТолығырақ
Мына сөзбен басталған дұға міндетті түрде қабыл болады
Алғашқы мұсылмандардан болған Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай дейді: Бір күні Пайғамбар мешітінде Хазіреті Османның (р.а.) жанынан өтіп бара жатып, оған сәлем бердім. Алайда, Осман жүзіме қараған күйі сәлеміме жауап бермеді. Мен де мүміндердің әміршісі хазіреті Омарға (р.а.) барып: – Уа, мүміндердің әміршісі! Ислам түсінігінде қандай да бір өзгеріс бар ма? – деп сұрадым. Бұл сұрағымды екі рет қайталадым. Омар (р.а.) да:– Жоқ. Өзгерген ештеңе жоқ. Не боп қалды? – деді. Мен де:– Жоқ,...
date04.12.2017readCount1086readmoreТолығырақ
Өтіріктен де ауыр күнә
Үлкен ақыл иелері – ой-пікірлерді талқылайды, орта ақыл иелері – оқиғаларды талқылайды, ал төмен ақыл иелері – адамдарды өсектейді. Өтірік айтудан да төмен сөз түрі бар. Бұл рухани төмен ортада белең алады. Жүрегі мен жаны кірлегені соншалықты адам баласына жала жабу бойына біткен мінезге айналады. Бұл өмірлік ұстанымы, ой-пікірі ортақ болмау салдарынан туындайды. Жүректегі кек алу мен көреалмаушылық кесірінен адамның сыртынан жала жауып, кінәсіз кісінің ар-намысын кірлетуге...
date04.12.2017readCount615readmoreТолығырақ
«Жынды»
- Ажырас! Ажырас деймін, ажырас! Құрсын! Бұл сені қарық қылады деп пе ең!? Мұндай жындыны қайтпексің?! - Ал, қайтесің, кетпеймін! - Кетесің! Кет дегенде, ит те кетеді! Кетпесең, кетірем!Кетпен таудан асырам! - Ажырасып боппын! Қолыңыздан келсе, көрерміз... Мен сізге ит емеспін, адаммын! Кетпеймін дедім бе, кетпеймін! - Ойе-е-ебоой, басыма түскені осы ма еді... Шаңқ-шұңқ еткен дауыс, кемпірдің жылауы... Күнде ұрыс, күнде керіс. Бітетін түрі жоқ. Елдің де мазасын әбден алып бітті. Алты айдан бергі...
date01.12.2017readCount447readmoreТолығырақ
Кітап туралы ең қызықты деректер
Имам Бұхари 600 мың хадис жинақтаған. Соның ішінде 100 мың сахих, 200 мың дайиф хадистерін жатқа білген. Бұхари хадистерді жинақтау барысында 90 мыңнан астам адаммен жолығып, хадис риуаят еткен. Әйелдер еркектерге қарағанда кітапты көп (68%) сатып алады. Дүниежүзі бойынша сатылатын кітаптардың  жартысынан көбін 45 жастан асқан адамдар сатып алады. Италиялық Рио Козелли деген оқымысты әлемдегі ең іш пыстыратын кітаптарды жинаған. Оның барлық кітабы 10 000 томды құраған. Бір күні...
date24.11.2017readCount522readmoreТолығырақ
Бұл 6 нәрсе әйелдерге қайғы әкеледі
Ғұлама Ибн Кәсир: «Екі жанның арасында ерлі-зайыптылар арасындағы махаббат пен сүйіспеншіліктен асқан ұлы махаббат пен сүйіспеншілік жоқ», – деген екен. Расымен де, бір-біріне киім, қорған, тыныштық, тыным болуы үшін жаратылып, Алла араларына мейірім мен махаббат салған ер мен әйел – бір-бірін толықтырушы.  Артықшылықтарын әйелдерге: «Күйеулерің – Жәннаттарың», «Жарыңның разылығы – Алланың разылығы» деп, еркектерге: «Араларыңдағы жақсыларың –...
date22.11.2017readCount1322readmoreТолығырақ
Аллаға және Елшісіне (с.ғ.с.) қиянат
Құран Кәрімнің бірнеше аяттарында пайғамбарға (с.ғ.с) жасалған қиянатты Аллаға жасалған қиянат деп, пайғамбарға (с.ғ.с) жасалған жақсылықты Аллаға жасалған жақсылық деп бағалағанын көреміз. Әрине, аяттың бұлай қолданылуы пайғамбардың (с.ғ.с.) Алла алдындағы жоғары мәртебесін көрсетсе керек. «Аллаға әрі оның Елшісіне жапа шектіргендерді Алла дүниеде де, ақыретте де лағнеттеді» деп, оларға қияметте қор қылатын азаптың дайындалғанын айтады[1]. Шындығына келсек, Аллаға жапа шектіру,...
date22.11.2017readCount311readmoreТолығырақ
Әбу Жәһилдің келіні
Әбу Жәһилдің баласы Икрима Исламның қас дұшпандарының қатарынан болатын. Мұсылмандарға қарсы шайқаста бес қаруын асынып, алдыңғы шепте жүретін. Мұсылман атаулына жан-тәнімен өшпенділік жасайтын. Міне, сондықтан Мекке фатх етілген жылы пайғамбар (ол кісіге Алланың игілігі мен сәлемі болсын) Икриманы өлім жазасына үкім берді. Тіпті, Харам мешітінде, Кағбаның жабуына жармасып тұрса да, оған кешірім болмайтындығын жариялады. Әрине, жер бетіне мейірімділік алып келуші рақым...
date22.11.2017readCount662readmoreТолығырақ